KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Елімізде 17300 отбасы жекешелендіру құқығы бар жалдамалы үймен қамтылады

Фото: gov.kz

3.04.2024, 21:15 141 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда 17300 отбасын кейін жекешелендіруіне болатын жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ «Самұрық-Қазына» қорынан 272 миллиард теңге облигациялық қарыз алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған қазақстандықтарға жалға беру үшін дайын тұрғын үйлерді сатып алуға жұмсалады. Сатып алынатын пәтерлердің жайлылығы IV сыныптан төмен болмауы және ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс.

Қазақстан тұрғын үй компаниясы несиені он жыл мерзімге алады.

«Кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй беру шарттары мен тәртібі қолданыстағы заңнамамен айқындалады. Жекешелендіру құқығымен ЖАО сатып алған тұрғын үй «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен әлеуметтік осал санаттардан кезекте тұрғандарға жалға берілуі тиіс», - делінген құжат жобасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив