KZ
Өскемен
+33°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
474.83 515.38 5.5

Өскемендік мұғалім жалған құжат жасап, жалақысын көтермек болған

Фото: create.vista.com

3.04.2024, 12:18 82 Жанаргүл Мұқатай

Өскемендік мұғалім жалған сертификат арқылы жалақысын көтермек болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылы 2 сәуірде Өскемен қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігімен (көрiнеу жалған құжатты пайдалану)  Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Ж. орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Аталған лауазымдағы жалақысын көтеру мақсатында, 2023 жылдың сәуір айында азамат А.-ның көмегімен 310 000 теңгеге «педагог-модератор» квалификациялық санатын өткені туралы сертификатты, яғни жалған құжатты дайындатқызып, оны көрінеу мектеп директорының орынбасарына ұсынады.

Сотталушының жасаған құқыққа қайшы әрекеті қылмыстық теріс қылықтар санатына жатады, және ол үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушыға қатысты жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойындауы және шын жүректен өкінуі, бұрын сотты болмағаны танылды.

Сот жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды, сотталушының жеке басын ескере отырып, оған 73 840 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив