Елімізде пойыз билеттері 7%-ға қымбаттаған
Фото: atr.kz
Қазақстанда пойыз билеттері бір жылда 7%-ға қымбаттаған.
Ал өңірлік көрсеткіште Шығыс Қазақстан "үздік" үштікте, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-ақпан айының қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 3,5 млн жолаушы тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2%-ға артық. Ал билет бағасы жыл көлемінде 7.3 %-ға өскен. Нақтырақ айтсақ, ел ішіндегі қатынастағы пойыздардың купе вагонында – 7 %-ға, плацкартта – 7,1%-ға, ал қала маңына қатынайтын пойыздарда жол ақысы – 7,6%-ға қымбаттаған.
Ал өңір бойынша қымбаттаудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу облысы (14%), Шымкент (13,8%) және Шығыс Қазақстан (13,6) облысында.