Отбасының шырқын бұзған 337 агрессор қамауға алынды - ІІМ
Фото: halyq-uni.kz
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев отбасының шырқын бұзған агрессорлар қайталап заң бұзып жатқанын айтты.
«Құқықтық тәртіп» атты 10 күндік жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындыларын мәлім еткен ресми өкіл отбасылық зорлық-зомбылық фактілеріне тоқталды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
- Сонымен қатар, көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді. 29 мың жалдамалы пәтер мен полиция есебінде тұрған, шартты түрде сотталған 74 мың адам тексерілді. Әкімшілік қадағалау тәртібін бұзудың 90 фактісі анықталды. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендер қамауға алынды. Қорғау нұсқамасына қарамастан, отбасында зорлық-зомбылық жасаған 337 агрессор қамауға алынды, - деді ол.
Шыңғыс Алекешев іс-шара кезінде 61 мыңнан астам құқық бұзу фактісі тіркелгенін атап өтті. Оның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 18 мың фактісі анықталған.
- Уақытша бейімдеу орталықтары мен медициналық айықтырғыштарға 5 мың адам жеткізілді. Көшеде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта болған 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала анықталды. Олардың ата-аналарына қатаң ескерту жасалды, - деді ІІМ ресми өкілі.
Оқи отырыңыз
Өскеменде көші-қон заңнамасын бұзудың 30-дан астам фактісі анықталдыҚазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қамауға алынғандар саны екі есе өскен«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы басталдыШҚО-да төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкер 7 тәулікке қамалдыШҚО-да 6000-ға жуық жүргізуші жол үстінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған