Облыста 286 адам ағза ауыстыруды күту парағында тұр
Фото: 63i.spravo4ku.ru
Елімізде 4 мыңға жуық, біздің облыста 286 адам ағза трансплантациясын күту парағында тұр. Облыстағы ағза ауыстыруды қажет етушілердің саны республика бойынша кезекте тұрғандардың 7,2 % құрайды деп хабарлайды Altainews kz тілшісі. .
Облыста ағза ауыстыруға кезекте тұрғандардың басым бөлігіне бүйрек ауыстыру қажет (257 адам), 17 шығысқазақстандық бауырын ауыстыруды күтіп жүр.
Елімізде мәйіт донорлығының дамымағандығынан науқастардың көбі кезектеріне жетпей көз жұмады. 2023 жылы облыс бойынша барлығы 5 адамға трансплантология бойынша ота жасалған.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бсшылары Өскеменде салынып жатқан Қазақстандағы алғашқы гематологиялық орталықтың құрылысы биыл емес, келесі жылы салынып бітуі (қаржыландыру болса) мүмкін екендігін айтады. Жоба бойынша орталықта науқастарға гематология, кардиология, трансфузиология, кардиохирургия, жілік майын трансплантациялау сияқты халықаралық сатандарттарға сай бірегей медициналық бөлімдер мен орталықтар қызмет көрсетпек.