KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Қазақстанда гуманитарлық көмек қабылдау және бөлу тәртібі жеңілдейді

15.04.2024, 19:06 54 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлі тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Бұл процесті үш күннен екі күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz cайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысына енгізілуі жоспарланып отырған өзгертулер жобасынан белгілі болды. 

Бұған дейін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі өтініш түскен жағдайда оны арнайы комиссия қарап, өз ұсынысын Үкіметке жолдайтын. Енді бұл тізбектен комиссия қызметі алынып тасталады. Сәйкесінше, Үкімет шешімді тікелей қабылдап, гуманитарлық көмекті қабыл етеді немесе одан бас тартады. 

Бұл өз кезегінде гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу процесіне кететін уақытты үш күннен екі күнге дейін қысқартады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив