KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, З
523.86 544.34 5.11

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Фото: kazaknews.kz

18.04.2024, 17:45 211 Айжанат Бақытқызы

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 

Жұмыс тобының жетекшісі Жанарбек Әшімжанов заң жобасы мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталғанын айтты.

 

Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, БАҚ қызметкерлерінің құқықтарын қорғау үшін құқықтардың бұзылуына байланысты БАҚ материалдарына талап қоюдың ескіру біржылдық мерзімі енгізіледі. БАҚ өтініштеріне жауап беру мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Желілік басылымдар мен ақпараттық агенттіктер біртұтас «интернет-басылым» ұғымына біріктіріліп, интернет-басылымдар БАҚ түрінің бірі болады.

 

2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалар мен отандық өнім олардың жалпы көлемінің кемінде 55 пайызын, 2027 жылдан бастап 60 пайызын құрауы тиіс. Бұл талап «Масс-медиа туралы» заңға енгізіледі. Шетелдік теле-радио арналардың бағдарламаларын қайталап көрсету отандық арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

 

Сондай-ақ, заң жобасында журналистердің мәртебесін арттыру, құқықтарын нығайту, міндеттерін қайта қарау және журналистердің артықшылықтарын кеңейту бойынша жағдай жасау көзделген.

                                                                      

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу