Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары демалысқа шыға алады
фото: depositphotos.com
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары 30 күндік еңбек демалысына шыға алады. Еңбек кодексіне тиісті түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
«Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған уақытында жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті», – деп жазылған құжатта.
Жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкерге оның ұзақтығы көрсетілген жазбаша хабарлама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсыну негізінде беріледі.
Түзету 2024 жылдың 16 маусымында күшіне енеді.