KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Баласын балконнан құлатып алған әйел айыппұл арқалады - Риддер

29.01.2023, 14:30 527 Ләззат Қанатқызы

Риддер қаласында баласын балконнан құлатып алған әйелге айыппұл салынды.

Әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі де қаралып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін

баласымен қонақта болған 20 жастағы қала тұрғыны өз үйіне қайтпақ болғанда пәтер есігі кілттеліп тұрған. Мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шықпақ болғанда бала қарға құлап кеткен.

2 жастағы бала ауыр жарақат алмағаны белгілі болды.

- Әйел адам ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 30 630 теңге төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, әйел адамды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қа


ралмақ, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу