Жасөспірімдер арасында хабар-ошарсыз кетудің 121 дерегі тіркелді - ШҚО
Өткен 2022 жылы ШҚО-да кәмілетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің 121 дерегі тіркелген.
Барлық жоғалған балалар мен жасөспірімдер аман-есен табылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметіне сүйенсек, 112 жағдайда балалар жай серуендеуге шыққан, 4 жағдайда жасөспірімдер ата-аналарымен болған жанжал себепті, аз қамтылған отбасынан шыққан 1 бала және 4 жағдайда басқа да себептермен үйден кеткен.
Сондай-ақ ата-анасының қадағалауынсыз қалған 3 бала жарақат алып, бір қыз үйінің ауласында көз жұмған.
Оқи отырыңыз