KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Туризм нысандарының әлемдік стандартқа сай жабдықталуы тексеріледі

Фото: Аяужан Утеулинова

31.10.2023, 23:45 1 364

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында елдегі туризм нысандарының әлемдік стандарттарға сай салынуын тексеруді тапсырды.

Үкімет басшысы көлік, тамақтану және қонақ үй қызметінің бағасының қымбаттауына қатысты шағым жиі түсетінін жеткізді, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Еліміздің бүкіл туристік әлеуетін пайдалану өзекті күйде қалып отыр. Мәселен Баянауыл курорт аймағында туризмді дамыту тек Жасыбай көлімен шектелген. Өңірдегі басқа да көлдердің, таулар мен мәдени ескерткіштердің мүмкіндіктері назардан тыс қалған. Өткен жазғы маусымда Ассы үстірті мен Қапшағай аймағына тур ұйымдастыру кезінде қызметтердің сапасына көптеген шағым түсті. Такси, тамақтану және қонақ үй қызметтері бағаларының шарықтап кетуіне қатысты шағымдар жиі айтылады. Мұндай орынсыз жағдайлар елдің туристік тартымдылығын төмендетеді, - деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың пайымынша, қонақүйлерді санат бойынша жіктеу жүйесін реформалау және стандарттарды халықаралық деңгейге дейін көтеру жұмыстарын бастау қажет.

— Туризм және спорт министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, туризм саласындағы объектілер мен көрсетілетін қызметтерге әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізсін, - деді Премьер-Министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив