Массаждың атын жамылып интимдік қызмет көрсеткендер анықталды – Өскемен
Фото: orda.kz
Өскеменде дене массажының орнына интимдік қызмет көрсеткендер анықталып, жауапқа тартылды.
Облыс орталығының 3 тұрғыны «дене массажын жасаймыз» деген желеумен интим-қызметтер көрсету үшін үй-жайлар ұсынған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нәі 450-бабына сәйкес (жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін көрінеу үй-жайлар беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап санкциясы жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Жоғарыда аталған пәтерлердің бірінде 20 мен 38 жас аралығындағы бес қыз болған. Оларда ҚР ӘҚБтК - нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда азғындау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері аталған бап бойынша полицейлер барлығы 177 адамды жауапкершілікке тартқан.
Оқи отырыңыз