Ел тәуелсіздігі сынаққа түскен кез болды - Әскерхан Ақтай

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, ақын Әскерхан Ақтай:
- Қаңтар оқиғасы әрбір қазақстандықтың жүрегінде қасіретті күндердің бірі болып қалады. Өкінішке қарай ол тәуелсіз еліміздің шежіресіне көптеген адам құрбан болған, қан төгілген аса ірі қайғылы оқиғалардың бірі ретінде жазылады.
Республикамыздың көптеген өңірін қамтыған бұл оқиғаға көптеген адам қатысты. Қаншама отбасына қайға әкелген Қаңтар қасіреті кезінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік тізгінін нық ұстап, халықты бірлікке шақырды, арам пиғылды топтардың айдауына көніп, арбауына түсіп қалмауға үндеді. Сол қасіретті күндерде құрбан болғандардың рухына тағзым етіп, елімізде қаралы күн жарияланды. Иә, жұдырықтай жұмылған халқымыздың саяси сауаты мен береке-бірлігінің арқасында бұл тығырықтан да шыға білдік.
Бүгін міне, осы оқиғаға қатысып, қаза тапқандарға арналған «Тағзым» мемориалы Алматыда ашылып жатыр. Бұл дегеніміз Мемлекет басшысының осы оқиғаға лайықты бағасын беріп, құрбандардың рухына тағзым етуі деп білемін.
Президентіміз бүгінгі шараның еліміз үшін айрықша мәні бар екенін атап өтіп. Қасіретті қаңтардан бері бір жылға жуық уақыт өткенін, бұл тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі оқиғаның бірі болғанын айтты. «Сол күндері халқымызға зор қауіп төнді. Мемлекеттігіміздің тұғыры шайқала жаздады. Тіпті, «ел болып қаламыз ба, жоқ па» деген сұрақ туды. Бірақ біз мызғымас бірлігіміздің арқасында қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді таныттық, мықты мемлекет екенімізді көрсеттік» деді. Жалпы, Қаңтар оқиғасы еліміздің болашағы бағытында батыл шешімдер қабылдауға түрткі болды.
Қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жұмыстарына өзім де қатысып, халқымыздың ұйымшылдығын өз көзіммен көрдім. Осы уақытта ел бірлігінің қаншалықты маңызды екеніне көзім жетті. Мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеген қоғамдық ұйымдар қасіретті күндердің залалын аз ғана уақытта жоя білді. Бұл бізге үлкен сабақ болды, келешекте мұндай оқиғалар қайталанбайды деп сенемін.

Оқи отырыңыз