Өскеменде Екібастұздағы жағдай қайталанбайды – кәсіпорын басшылары

Облыс орталығындағы пәтерлер аптаның аяғында жылынады. Қазір жылу орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Бұл туралы «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазір қазандық іске қосылғанымен, желілік судың температурасы әлі де параметрлерге сәйкес келмей тұрған көрінеді. Екі күні ішінде су желісінің температурасы 100 градустан жоғары деңгейге жетуі керек.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ретте қала тұрғындарына қараша айындағы жылу үшін төлем қайта есептелетінін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшылары Өскеменде Екібастұз ЖЭО-дағы қиын жағдай қайталанбайтынын айтып сендірді.