Өскемен: ҰҚКД қызметкерлері балалар үйіне көмек көрсетті

Бүгін ШҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлері «Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйіне» барып, қажетті заттар мен тұрмыстық техникалар табыстады.
Аталмыш мекемеде қазір 0-4 жас аралығындағы 43 бала бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Мекеме әкімшілігі бізді үнемі осында өтетін іс-шараларға шақырады. Мүмкіндік болса әр мереке сайын кішкентай сәбилерді қуантуға тырысамыз. Әсіресе, жаңа жыл мен балаларды қорғау күнінде міндетті түрде келіп, қажетті заттар мен сыйылықтар табыстайтынбыз. Өкінішке қарай, биыл мекемедегі карантиндік шараларға байланысты балалардың жаңа жылдық кешіне қатысу мүмкін болмады, - дейді ҰҚКД қызметкері.
Қазір бұл балалар үйінде барлығы 4 топ, яғни 0-1 жас, 1-2 жас аралығындағы және 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін 2 топ жұмыс істейді.
- Біз осындай балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын жанашыр жандар барына шын қуанамыз және демеушілерімізге барлық ұжым атынан шексіз алғыс айтамын, - деді аға тәрбиеші Ольга Коркишко.
Оқи отырыңыз