ШҚО мәслихат хатшысының Жарма ауданына жұмыс сапары
![](/kz/uploads/posts/iblock/886/8862247fc3dc8327b96b44509f525ae1.jpg)
Облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк қыс маусымына және коронавирустың екінші толқынына дайындық мәселелері бойынша Жарма ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мәслихат хатшысы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудандық орталық ауруханада жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, ол жылу қазандығының дайындығын қарап шықты. Мердігер мекеменің тарапынан жұмыстың мерзімге сай аяқталатынына уәде берілді.
Аудандағы басты мәселелердің бірі – халықты тұрғын үймен қамту болатын. Осы бағытта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданда тұрғын үймен әлеуметтің осал топтарын ғана емес, қажетті мамандарды да қамтамасыз ету көзделгенін айта кеткен жөн. Қазір аурухана маңында орналасқан жер аумағында баспана тұрғызуға дайындық басталып кетті.
Сонымен қатар, Владимир Головатюк «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйлерге қоныстанған отбасылармен жолығып, жағдайларын қарап, үйлердің сапасымен танысты. Бұл баспаналар 6 шілдеде қолданысқа берілген болатын.