KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

COVID-19: 92 адамның жағдайы нашар

26.09.2020, 06:49 140

26 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты толық ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустан 3 410 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 809 науқас жатыр. 1 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 92 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 16 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

26 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:

Өткен тәулікте 232 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 51 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 32 223, өлім жағдайлары - 347, барлығы 26 965 адам сауығып шықты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу