Шемонаиха, Көкпекті, Алтай аудандарында оқушылардан тағы коронавирус анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/742/742fb254a0d8f3fe981991c7a75da314.jpg)
ШҚО-дан 10 баладан коронавирус белгілері анықталды.Олардың алтауы қашықтықтан оқиды, төртеуі кезекші сыныптарға барады. Бұл туралы тауарлар мен көрсетiлетiн кызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау департаментi хабарлады.
1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысында оқушылар арасында коронавирустық инфекцияның бірнеше жағдайы тіркелген.
Көкпекті ауданындағы мектеп 14 күннен бері карантинге жабылды. Коронавирустық инфекция ошақтарына айналған сыныптарды қашықтықтан оқытуға көшіру туралы қаулы шығарылды.
Ковид-19 Шемонаиха ауданындағы төртінші сынып оқушыларынан, Көкпекті ауданынан 11 сынып оқушысы және Алтай ауданынан 2 сынып оқушысынан анықталды. Барлық науқастар суық тию белгілерімен медициналық орталықтарға жүгінді. Ковид-19 анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шаралар қолданылды.