KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Семейге барып қайтты

17.09.2020, 08:46 189

Облыс әкімі Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Ұлы ақынның 175 жылдығы аясында Абай театрында жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жаз бойы театр ғимаратына іргелес аумақ абаттандырылды, қасбеті жаңартылды, театрдың ішкі көрінісі де толығымен өзгерді. Фойе мен көрермен залы көркейе түсті. Карантин режимі аяқталғаннан кейін театр әртістері жаңартылған сахнада өнер көрсететін болады.

Өңір басшысы дәл осындай кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілген Абай мұражайының, Мәңгілік ел көшесі бойында салынып жатқан Арбаттың құрылыс жұмыстарын тексерді.

Сондай-ақ, облыс басшысы қалалық перинаталдық орталық корпустарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жерде жұмысты Көкшетау қаласының компаниясы жүргізеді, ол 780 миллион теңгеге тендерді жеңіп алған. Алайда, бүгінде бөлінген қаражаттың 32 миллион теңгесі ғана игерілген. Ал, атқарылған жұмыстардың көлемі 25 пайызды ғана құрайды.

Айта кету керек, осыдан екі жыл бұрын мұнда жоғары технологиялық жабдық сатып алынған болатын, ол бүгінде немқұрайды мердігерлердің кінәсінен бос тұр.

- Биылғы жылы біз мұнда құрал-жабдықтармен қамтылған перинаталды медициналық орталық құруды жоспарладық, бірақ, өкінішке орай, мердігерлердің жосықсыз жұмысының салдарынан біз мұны жасай алмай отырмыз. Енді бір ғана жол бар – шартты бұзу. Жаңа жылға қарай оны пайдалануға бере алмайтынымыз түсінікті, – деп түйіндеді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив