KZ
Өскемен
-7°
снег Штиль
519.28 540.05 5.31

Аягөздің әкімі мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауға алатын болды

25.08.2020, 04:29 202

Аягөздегі Күдерин көшесінде жауын-шашынның кезінде жолдар жабылып, оқу жылы басталған кезде оқушылардың қозғалысын да қиындатады. Ал Оспанов көшесінде ауыз су тартылғаннан кейін жол сапасы нашарлаған.

Осыған байланысты Аягөз ауданыны әкімінің айтары бар.

"Құрметті жерлестер! Тұрғындардың өтініші бойынша Кудерин және Оспанов көшелеріне барып қайттым. Көшелердің толық жағдайымен танысып, бірқатар тапсырмалар бердім", деп жазады Сейілбек Ысқақов. 

Аудан әкімінің айтуынша, «Ардагерлер» саябағындағы жағдай да көңіл толарлықтай емес. Саябақтың тазалық және абаттандыру жұмыстарына жауапты мердігер компания өз қызметін талаптарға сәйкес атқармаған. Алдағы уақытта мердігер компаниямен жұмыстар жүргізілмек.

"Жылу маусымы басталғанша орталық қазандыққа қарасты жылу трассасының құрылыс жұмыстарын ширату жөнінде мердігер компанияға тапсырдым", -дейді аудан басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу