Полиция қызметкерлері коронавирусқа тегін тексеріледі
ШҚО-да полиция қызметкерлері коронавирус инфекциясына тегін тексеріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді. Айтуынша, полиция қызметкерлеріне қолдау көрсету қажет. Осы ретте жақын арада ШҚО полиция департаменті нің, Құқық қорғау органдарының қызметкерлері коронавирустық инфекцияның бар-жоғына ПТР-талдаудан өтеді. Барлық талдаулар бюджет есебінен жүргізіледі.
- "Біз полицейлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз, олардың артында олардың отбасылары тұр, олардың артында – елді мекендердегі тәртіп пен тыныштық тұр", - деді Даниал Ахметов.