«Абай жолы» жаяу экспедициясы Аягөзге жетті (видео)
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай еріктілер тобы «Абай жолы» атты жаяу экспедициясын ұйымдастырған болатын. Бүгін олар Аягөз ауданына жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш экспедиция 12 маусымда сағат 16:00-де Алматы қаласынан шықты. Құрамында 4 волонтер бар. Олар 1200 шақырымды бір айда жүріп өтуді көздеген. Бүгін, міне, межелі жерге де таяп қалыпты. Соңғы нүкте – Жидебай ауылы.
Бұдан кейін еріктілер тобы Абай мұражайын, Абай оқыған медреселер мен оның мекендеген жерлерін араламақ.
ШҚО-ға экспедиция 8 маусымда жеткен. Осы ретте олар жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдерінен қолдау күтетіндерін жеткізіп отыр.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын.