KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 1 м/с, С
511.18 530.6 5.28

Өскемендегі саябақтар тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

23.06.2020, 04:29 90

Өскеменде саябақтар тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Жақсылық Омар мәлімдеді. Шаһар басшысының айтуынша, қала әкімшілігі облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығымен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді. Аталмыш музейдің иелігінде Жамбыл атындағы және Қасым Қайсенов атындағы саябақ бар.

– Біз бұл парктерге қала тұрғындары кез-келген уақытта, 24 сағат бойы, келіп серуендегенін қалаймыз. Қазір осы ойды іске асырудың жолдарын қарастыру үстіндеміз. Бәлкім, сапалы бейнебақылау жүйесін орнататын шығармыз. Саябақтардың қоршауын мүлдем алып тастап, ашық парк жасауымыз да мүмкін, – дейді Жақсылық Мұқашұлы.

Қала әкмінің айтуынша, бұл жобаны әуелі бір саябақта іске асырып көру қажет. Ең оңтайлысы – Қайсенов паркі болмақ.     

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу