«Күтетін уақыт жоқ». GGG-ді жекпе-жекке шақырып жатыр
Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (26-0, 18 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол Terra.com.br порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Фалькао IBF рейтингінде бесінші, алайда тізімде бірінші және екінші орын бос тұр.
«Қытайда титул үшін жұдырықтасуым керек еді, бірақ пандемия басталып кетті. Ұзақ уақыт үзіліс болды. Ендігі мақсат – 2021 жылдың басында белбеу үшін жекпе-жек өткізу, күтетін уақыт жоқ. Негізгі мен төрт федерацияның рейтингінде де бармын, чемпиондыққа ең жақыны IBF желісі бойынша. Мұнда GGG чемпион, алайда ол 38 жасқа келді. Қозғалысы нашарлап қалған, дегенмен, әлі де соққысы ауыр. Бұл мен үшін жақсы айқас болады, төрешілер шешімімен жеңемін. GGG-дің барлық жекпе-жегін тамашалаймын, жыл сайын нашарлап келеді. Жылдамдық, дәлдік, күш пен ептілік жайлы айтып отырмын. Менің қарқыныма шыдай алмайды деп ойлаймын», – дейді Фалькао.