Өскеменде тағы бір адамнан коронавирус анықталды
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 11 адам коронавирус жұқтырды. Бір науқас – Өскемен қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, Семей қаласында 10 науқас тіркелді. Ал Өскемен тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан келгеннен кейін, тексеруден өткен. Covid-19 диагнозы ПТР тест арқылы расталған.
Облыс көлемінде коронавирус жұқтырғандар саны 215 болды. Емделіп шыққандар – 83.
Оқи отырыңыз