KZ
Өскемен
+7°
туман жел 1 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Зайсан, Көкпекті және Күршімнен коронавирус шықты – ШҚО

17.06.2020, 04:47 202

Көкпекті, Күршім және Зайсан аудандарынан коронавирус шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 12 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.

«Көкпекті мен Күршім ауданында екі-екі науқас, Өскемен, Риддер қалалары мен Зайсан ауданында бір-бір науқас, Семейде бес науқас тіркелді», – деп мәлімдеді облыс әкімдігі.

Семей қаласының үш тұрғыны бұған дейін ауру жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, екі тұрғыны өз өтініштері бойынша сынама тапсырған. Өскемен тұрғыны да өз өтінішімен тексеруден өткен. Ал Риддердегі науқас Павлодар облысынан вахталық жұмыстан келген. Сондай-ақ Зайсанға Қостанай облысынан, Күршімге Түркістан облысынан келген әскери қызметкерлерден коронавирус анықталды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында ауру жұқтырғандар саны – 277.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив