KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

АҚШ-қа көшіп барған семейлік жасөспірімді атып кетті

22.05.2020, 05:17 250

Семей қаласының тумасына АҚШ-та оқ атқан, қылмыс күндізгі уақытта куәгерлердің көзінше жасалды, тергеу жүріп жатыр.

Американың Шарлотт қаласында тапа-тал түсте 15 жастағы Қазақстан тумасын атып кетті. Бұл туралы жергілікті Charlotte Observer басылымы хабарлайды.

Жасөспірімнің есімі – Роман. Ол АҚШ-та BMW автокөліктерін сатып алып, оларды жөндеп, кейін жоғары бағаға сатумен айналысқан.

Осы жолы ол соңғы уақытта өзі жөндеген төртінші көлігін сатпақшы болған. Жасөспірім көлік сатып алушылармен кездесуге анасымен бірге барған.

Алайда оларға қаруланған тонаушылар шабуыл жасады. Романға оқ тиіп, кейін ол ауруханада көз жұмды.

Полиция адам өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады, тергеу жүріп жатыр.

Басылымның ақпаратынша, Романның отбасы АҚШ-қа 2014 жылы Семейден көшіп барған. Жасөспірім үйдегі төрт баланың үлкені екен.

Жергілікті тұрғындар жерлеу рәсімі үшін 41 мың доллардан астам қаржы жинап берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу