KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 7 м/с, З
492.17 522.39 5

42 500 – ШҚО-да 12 мыңдай адамға әлеуметтік көмек тағайындалды

10.04.2020, 05:30 141

ШҚО-да 12 мыңдай адам 42 500 теңге жәрдемақы алды.

– Президент тапсырмасымен, төтенше жағдай уақытында жұмысынан айырылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және бейресми жұмыс істегендерге 42 500 теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл ақшаны, шамамен, қазіргі уақытта 12 мыңдай адам алды. Жалпы облыс бойынша 100 мыңдай адамнан өтініш түскен, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Тұрғындар бұдан былай сенбі-жексенбі күндері де арнайы есепшот ашып, жәрдемақы алады.

«Банктер мен «Қазпошта» бөлімшелеріндегі қызметкерлер санын көбейтуді тапсырдым. Шамамен, 900 – 1500 адам істеуі керек. Сонда халыққа жедел қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, олардың жұмыс істеу уақыты 21:00-ге дейін ұзарды. Тіпті демалыс күндері де есепшот ашып, әлеуметтік төлемдерді алуға болады», – деп жазды Даниал Ахметов инстаграм желісіндегі парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу