Он бес балаға 159 мың теңге беріледі
Қазақстанда 15 баланы дүниеге әкелген анаға 159 мың теңге төленбек. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Министрдің сөзінше, енді 8 балаға 85 000, 10 балаға – 106 000, 15 балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады.
Бұған дейін олар 8 не одан көп балалары бар отбасыларға 74 400 теңгеден төленіп келген.
- Қазіргі таңды 7 баладан кейін жәрдемақы біркелкі мөлшерде төленеді. Біз бұл жағдайды ескеріп, 8 және одан көп балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып отырмыз, - деді Біржан Нұрымбетов.