Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны 88-ге жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
26 наурыз сағат 08:25-тегі жағдайға сәйкес, инфекция жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 88 науқас тіркелді.
Оқи отырыңыз