KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
504.34 556.34 5.97

Күршім ауданындағы мұз өткелі жабылды

19.03.2020, 12:58 237

Күршім ауданында мұз қалыңдығының жұқаруына байланысты 19 наурыздан бастап өткел барлық автокөлік түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, 21-23 наурыз аралығында ШҚО-да өзендерде қар еріп, мұздықтардың әлсіреп,су деңгейі көтерілуі мүмкін екен.

Тұрғындарға облыс орталығына қатынауды «Күршім-Зайсан» және «Күршім-Үлкен Нарын-Алтай» бағыттары арқылы жүзеге асырып, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу