ШҚО-дағы қалаларда ауа сапасы нашарлайды
Шығыс Қазақстан облысындағы қалаларды ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Қазгидрометтің» жергілікті филиалы ұсынған деректерге сүйенсек, 12 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап, 13 наурыз сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 2 деңгейлі қолайсыз метерологиялық жағдай (НМУ) болады. Яғни бұл жерлерде ауа сапасы бірашама нашарлайды.
Мамандардың айтуынша, ҚМЖ желдің жоқтығына байланысты болады.
Оқи отырыңыз