ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?
Өскеменде «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиын барасында 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
– Аталмыш бағдарлама жемісін беріп келеді. Бұл сөзімізге аудандардағы құрылыс қарқыны дәлел. Алға қойылған мақсатты сөзбен айту бар да, іс жүзінде көрстеу бар. Сол себепті күні кеше Жармаға барып, аудандық филилалдың партиялық бақылау комиссиясына жүктелген міндеттердің атқырылып жатқанына көз жеткізіп келдік. Алдағы уақытта осындай жұмыстар легі жалғасы береді, – дейді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген.
Сондай-ақ бақылау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаланың 28-тұрғын ауданында салынып жатқан үйлердің сапасы мінсіз емес. Жауапты мекемеге олқылықтардың орынын толтыру үшін бір ай уақыт берілген екен.
Комиссия төрағасы келесі жиыналыс барысында аталмыш мәселе кеңінен талқыланатынын атап өтті.