KZ
Өскемен
-23°
туман жел 1 м/с, С
521.6 534.27 5.25

Облыс тұрғындары әлеуметтік сақтандыру қызметін пайдалана алмауы мүмкін

27.02.2020, 07:54 102

Облыстың 32 мыңнан астам тұрғыны міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қызметін пайдалана алмауы мүмкін. Өйткені олардың статусы әлі анықталмаған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен «Нұр Отан» партиясының бюро кеңесі барысында мәслихат депутаты Зарина Камасова мәлімдедеді.

Оның айтуынша, статусы анықталмаған тұрғындар саны 46 мыңнан 32 мыңға төмендеген. Аталмыш азаматтар облыс, тіпті ел аумағында тұрмауы да мүмкін дейді ол. Статусы анықталмаған бұл азаматтар осы жылдың 1 сәуіріне дейін ғана тегін медициналық қызметке жүгіне алады. Олардың нақты мекен-жайы мен ел аумағында бар-жоқтығын анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда. Депутат аудан басышаларын осы мәселеге жіті назар аударуды сұрады.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша партиялық куратор Зарина Камасова сондай-ақ өңірдің медициналық мекемелері соңғы жылдары замнауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе де, өлім-жітім саны азаймай тұрғандығын атап өтті. Өткен жыл қортындысы бойынша жалпы республикалық көрсеткіш 7/2 болса, облыста 10/4 деңгейінде.

«Кедергісіз келешек» партиялық акциясының жүзеге асырылу барысын сөз еткен ол облыста арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандар мен көзі нашар көретіндер үшін аялдамаларда жағдай жасалмағандығын да атап өтті.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу