Өскеменде сұранысқа ие мамандықтар қандай? Energyprom зерттеуі
Energyprom.kz сарапшылары HeadHunter зерттеу орталығының мәліметі бойынша Қазақстанның еңбек нарығындағы ең көп сұранысқа ие мамандықтарды атады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сарапшылардың айтуынша, еңбек нарығына сауда (18,2%), бухгалтерия, басқару есебі және қаржы (8,3%), әкімшілік басқару (7,2%), ақпарат технологиялары, интернет және телекоммуникация (6,5%), банк, инвестиция және лизинг (6,5%) салалары бойынша мамандар аса қажет.
Мұндай мамандарға Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Орал қалаларымен қатар Өскемен шаһарында жұмыс берушілер көп. Жұмыс іздеушілер арасында да шамамен аталмыш салалар сұранысқа ие көрінеді. Зерттеу деректеріне сәйкес, бұл мамандар негізінен 120 мың теңге мен 180 мың теңгенің аралығында еңбек ақы алады.