KZ
Өскемен
-8°
переменная облачность жел 10 м/с, З
527.58 546.15 5.29

Өскеменде көктайғақтан жарақат алып жатқандар саны көбейіп барады

9.12.2019, 09:09 135

Өскемен әкімдігі көктайғаққа байланысты көшелермен мен жаяу жүргіншілер жолының қауіпсіздігін қадағалап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс орталығында тайып жығылып, жарақат алып жатқандар күн санап көбейіп келеді. Ал шаһар басшылығы тиісті шаралардың жасалып жатқанын алға тартып отыр. Тұрғын үй коммуналдық шарушылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің басшысы Владимир Землянский де көктайғақпен «күресуге» арнайы техникалардың жұмылдырылғанын айтты. Жалпы айтқанда, қала билігі жағдайды бақылауға алдық деп отыр. Ал бақылаудың қалай жүзеге асатындығы туралы ашып айтылмады.

Еске сала кетейік, қала жолдарының қауіпсіздігіне қатысты кез-келген сұрақ бойынша тәулік бойы 53-25-77 номеріне хабарласуға болады. Мәселе нақтыланса, коммуналдық қызметкерлер іске кіріседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу