KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Семейдегі көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартты

3.12.2019, 11:13 44

Семейдегі көпбалалы отбасы пәтер алудан бас тартып, қаладан 30 шақырым қашықтағы Чекоман ауылына көшіп барды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Semeyainasy сайтына сілтеме беріп.

Жүнісовтер отбасында алты бала бар. Үлкені – 14, ал кішісі бір жастан асқан. Бұл отбасына әлдебір кәсіпкер (атын атамауды өтінген) аталмыш ауылдан ауласы кең, қора-жайы түгел салынған үй алып берген.

Отанасы Марал Жүнісова жуықта «Бастау бизнес» жобасымен грант ұтып алған. Оған әзірге 20 тауық сатып алды. Енді сиыр әкелмек.

–      Қалада үйден-үйге көшіп жүрдік. Көп баламен қайбір жақсы үйлерді жалдап тұрды дейсіз. Бірінен бірі өтеді. Бала-шаға көп екен деп, ешкім жақсы үйіне кіргізбейді. Күйеуімнің бір өзі тапқан қаражаты жеткіліксіз. Ал үй кезегінде 8 жыл тұрдық. Сондықтан да ауылды жерге барып кәсіп бастауды ұйғардық. Бақшаға көкөніс егіп, сүт өнімдерін сатып дегендей де, тамағымызды айыруға болады ғой, – дейді Марал Жүнісова.

Жуықта, нақтырақ айтқанда 1 желтоқсан күні Жүнісовтер отбасынынң жаңа қонысына Семей әкімі Ермак Сәлімов бас сұғып қайтты. Мемлекет тарапынан оларға қажетті көмектер көрсетілетінін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу