Бесқарағай ауданында 50 тонна шөп өртеніп кетті
Бесқарағай ауданында 50 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Оқиға бүгін таңертең Глуховка ауылында болған. Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метр. Жалынды ауыздықтау үшін төрт техника мен 14 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін. Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз