Семейде бір күнде алты адамға иіс тиді
Семейде бір күнде алты адамға иіс тиді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, емханаға алты бірдей адам түскен. Оның төртеуі – бала. Ал қалған екеуі 20 және 42 жастағы әйел адам.
Мамандар уланудың орта түрін анықтапты. Қазір олар ем қабылдап жатыр.
- Дәрігерлер үйге жеткен бойда бөлмелерді желдетіп, зардап шеккендерді университет госпиталінің токсикологиялық бөліміне жеткізді, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Оқи отырыңыз