KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
519.28 540.05 5.31

"8/1-дің" айналасындағы әңгіме – Өскемен

30.10.2019, 06:26 79

Өскемендегі «8/1» атымен мәлім сауда орталығының маңындағы ашық саудаға сол маңайдың тұрғындары наразы. Жуықта тұрғындардың бірі қала әкімімен кездесуде өз шағымын жеткізді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі ustinka.kz сайтына сілтеме беріп.

– Таңнан кешке дейін жүк тиеген көліктер есік алдын босатпайды. Аулаға баланың арбасымен шығу қиын. Сауда орталығын жабасыз ба, әлде басқа амал табасыз ба, бізге ыңғайлы жағдай жасап беріңіз. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12/1 мекенжайында, дәл қоқыс жәшіктерінің жанында көше саудасы жүруде. Саудагерлер рұқсатсыз сауда сатып тұр. Саудасын жайған кордон қағаздарды қоқыстың ішінен алып шығады. Полицейлер ол жерден үнсіз өте береді, ештеңе істемейді. Саудагерлер болса, кешке орындарынан тұрып кетіп қалады, қоқыстары шашылып қалады. Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына апармайды. Аулада тышқан қаптап жүреді. Бұл заңсыз саудагерлер үйдің жертөлесі мен подъезді әжетхана қылып та алды. Бірнеше рет осындай жағдайда видеоға түсіріп алғанбыз, – деп, қала әкіміне шағым айтты тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, сол маңайдағы тұрғындардың бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бірнеше жыл болды. Әзірге қалалық әкімдік тарапынан бұған қатысты ешқандай қимыл-әрекет істелген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу