KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 8 м/с, В
522.91 548.85 5.05

Ұлан ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Бүгін, 12:30 41 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XIX сессиясында Ұлан ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру барысы талқыланды. Сессия барысында аудан әкімі Арман Бекбосынов әкімдік тарапынан 2024 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарының жоспары бекітілгенін жеткізді. 

- Осы Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары тоқсан сайын өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы жағдайын талдауға қатысты мәселелер талқыланады. Жоспар негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз» тақырыбында 8 дөңгелек үстел форматындағы іс-шара, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру бойынша шаралар кешенін өткізу» тақырыбында 15 семинар өткізілді, - деді Арман Бекбосынов. 

Ұлан ауданында бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы 21 түпнұсқа мақала жарияланған. 
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы 17 мақала жарияланып, оның ішінде 11 мақала ауылдық округтер әкімдерінің, аудан әкімі аппаратының 6 құрылымдық бөлімшелерінің сайттарында орналастырылған.

Қасым Қайсенова кентінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында салалық қызметтің облыс бойынша департаментімен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың өкілдері ауылдық округтерде азаматтарды қабылдау жүргізген.

- Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Тұрғындар сот, құқық қорғау, қадағалау органдары, адвокаттар, сот орындаушылар, нотариустар және аудан әкімдігінің өкілдерінен кеңестер алды.
Маусым айында Ұлан аудандық «Қоғамдық келісім орталығында» ішкі саясат бөлімі Ұлан ауданының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен адалдық құндылықтарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау мақсатында дөңгелек үстел форматында іс-шара өткізілді.
Әкімдіктің «ASHYQAKIMDIK» сервистік платформасы жұмыс істейді. Бүгінде Ұлан ауданында 4 қызмет көрсету орталығы бар, - деді Арман Бекбосынов.

Ұлан ауданында мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді және Әдеп кодексі қағидаттарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Ауданның жергілікті атқарушы органдары жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді. Талдауларды тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар қоғам өкілдері, сондай-ақ TНБ-4 (типтік негізгі бағыт) жобалық кеңсесінің басшысы кіретін мекемелердің жұмыс топтары жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жоспары әзірленеді. 2024 жылдың шілде айында Ұлан ауданының мемлекеттік органдарында және квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарда 9 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оның 7-і жойылды, 2 тәуекел әлі де жұмыс аясында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу