KZ
Өскемен
+12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Тарбағатайда қырылған 70 қойдың видеосы жарияланды

3.10.2019, 06:02 128

 

Тарбағатай ауданындағы Ахметбұлақ ауылында бір үйдің 70 қойын қасқыр тартқаны туралы жазып едік. Жуықта қорада қырылып жатқан қойлардың видеосын жөнелтті ауыл тұрғындарының бірі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Иә, видеоны түсірген автор 80 қой қырылғанын айтады. Алайда малдың иесі Назар Садуақасов пен ауыл әкімі Дәуітбек Ниязбеков қасқыр тартқаны 70 бас деп көрсеткен болатын.

Ертеңінде Назар Садуақасов  осы ауылдағы тағы бір үйге түз тағысы түскені туралы хабарлады. Бұл жолы Аман Тисанов есімді азаматтың бес қойын тамақтап кетіпті.

Біз осы ауыл тұрғындарынан "Апаннан бөлтірік алған жоқсыздар ма?" деп сұрадық.

– Бөлтірігін алған жоқпыз. Олай етсек, қасқырдың тыныштық бермейтінін жақсы білеміз. Жыртқыштың өздеріне де тимедік. Өйткені, рұқсатымыз бола тұра бізге мылтық ұстатпайды. Шекара, міне, ауылдың іргесіне тиіп тұр. Әскерилер су алып тұрсаң да, ауыл ішінде жүрсең де, қалтаңда төлқұжаттың түпнұсқасы бар-жоғын тексереді. Болмаса, айыппұл салады, – деп жауап берді Назар Садуақасов.

Видеода айтылғандай, былтыр қорасына түскен қасқырды соғып алған адам айыппұл арқалапты.

Алдыңғы мақалады бұл ауылда байланыс болғанымен, интернетке кіру мүмкін емес, қырылған қойдың видеосы кейінірек келетінін жазған едік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив