KZ
Өскемен
-21°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
522.42 543.89 5.28

«Қоқыс полигоны ма дерсің». Күршімнің саябағы аянышты күйде тұр

23.09.2019, 08:05 89

«Саябақ емес қоқыс полигоны дерсің». Күршімнің саябағы аянышты күйде тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Саябаққа келмегелі біраз уақыт болып еді, бүгінгі серуеннен кейін мүлдем келмейтін де сияқтымын. Саябақ емес қоқыс полигоны дерсің. Орындықтардың бәрі құлап жатыр. Бұл қоғамдық орта, мұнда адамдар демалу үшін келеді. Бірақ іші деген адам төзгісіз жағдайда. Бір адам болсын мұндағы тәртіпті қадағалай ма өзі, – деп күйінді аудан тұрғыны.

Осы сұраққа байланысты біз Күршім әкімдігіне хабарласқан болатынбыз.

– Ауданымызда үнемі сенбіліктер жүргізіп отырамыз. Бірақ өткен сенбіде Күршімге 300-ге жуық шырша отырғызған болатынбыз. Осыған байланысты  жұмыс күші сол іске бағытталды. Сондықтан осындай қолайсыз жағдай туындап отыр. Бүгіннен қалмай саябақты тазартамыз, – деді аудан әкімінің орынбасары Үмітпаева Рәзия.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу