KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы ең жемқор аудан

19.09.2019, 19:16 178

ШҚО әкімдігінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиын барысында еліміздегі ең жемқор қызмет салалары мен облыста сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша шағымдар жиі тіркелетін аудандар аталды.

2019 жылы Қазақстанда жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілген екен. Сауалнамаға 7284 жеке тұлға мен 1824 бизнес өкілдері қатысқан. Сауалнама қорытындысы бойынша, сыбайлас жемқорлық фактілері денсаулық сақтау, білім беру, жер қатынастары салаларында жиі кездесетіні анықталды. Олардан салық пен кеден органдары, өртке қарсы қызмет және полиция да қалысар емес.

Аталмыш зерттеудің нәтижесі бойынша, Шығыс Қазақстан еліміздегі ең жемқор аймақтардың қатарына кірмеген. Алайда облыстағы сыбайлас жемқорлық бойынша шағым көп түсетін аудандар анықталып отыр. Шағымдар жиі тіркелетін ауданға Бородулиха жатқызылды. Одан кейінгі орындарда Бесқарағай, Абай, Күршім, Үржар аудандары тұр.  Абай, Ұлан, Үржар және Күршім аудандарында кәсіпкерлерге жиі қысым жасалатыны көрінеді. Шенеуніктер қолданатын кеңінен таралған тәсіл – қағазбастылық не мерзімдерді созу арқылы әуре-сарсаңға салу. Мұндайда пара берген жағдайда істің ілгері басатыны анық бола бастайды.

- Заңсыз араласу, мерзімді ұзарту және басқа да бюрократтық тәсілдер қолданыстағы сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатына қарсы жасалған әрекет ретінде қабылданады, - дейді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбетов.

Айта кетсек, мемлекеттік қызмет көрсету барысында пара беруге мәжбүрлеу, әкімшілік кедергілер мен бюрократия жағдайлары орын алса, келесі телефон номерлері арқылы шағым түсіруге болады: 8 (7232) 71 33 05 және 8 (7232) 71 33 04; Whatsapp номері: 8 705 529 60 40 және 8 777 857 61 65. Сондай-ақ, «Шығыс Адалдық алаңының» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы да хабар беруге болады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу