KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 6 м/с, СШ
441.79 478.77 4.9

Туристер үшін қауіпсіз және қауіпті елдердің рейтингісі жасалды. Қазақстан қай қатарда?

5.09.2019, 09:12 130

The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019 Дүниежүзілік экономикалық форумында туристер үшін қауіпсіз елдердің рейтингісі жасалды. Тізімде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рейтинг халықаралық ұйымдардың статисткалық мәліметтеріне және жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша түзілген. «Хабар 24» арнасының ақпаратына сүйенсек, аталмыш форумның қатысушылары Финляндияны туристер үшін әлемдегі ең қауіпсіз ел деп таныды. Үздік үштікті Исландия мен Оман түйіндеді. Ал алғашқы ондықта Швейцария, Гонконг, БАӘ, Люксембург, Португалия мен Жаңа Зеландия бар. Қазақстан рейтингінің 80-ші сатысында тұр.

Сондай-ақ ең қауіпті елдердің қатарына Сальвадор, Нигерия, Йемен, Венесуэла мен Гондурас енген. 

Айта кетейік, наурыз айында Финляндия 2018 жылдың қорытындысы бойынша ең бақытты мемлекет атанған болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив