KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 17 м/с, З
527.58 546.15 5.29

"Үй салып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етті" – Тарбағатай ауданы

2.09.2019, 03:41 176

Тарбағатай ауданында «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсеткені үшін "Жыл меценаты" сыйлығымен Болат Нурпейісов (Ақжар ауылы) марапатталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясында Қайрат Сәбитов (Кіндікті ауылы) марапатталды.

Ал "Туған өлке" номинациясы бойынша Қайрат Жапаров (Қарасу ауылы) марапатталды.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды, акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек көрсеткені үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша "Байтоғас" өндірістік кооперативі (Тұғыл ауылдық округі) марапатталды.

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысып, көзге түскен жандар да елеусіз қалмады. Бірқатар тұрмысы төмен жандарға азық-түлікпен көмек көрсетіп, қол ұшын беріп үлгерген. Жас кәсіпкер Жандос Оразғалиев бастаған "Біз біргеміз" қайырымдылық қоры "Ерен еріктілік" номинациясы бойынша марапатталды. Қазіргі күнге дейін қайырымдылық қор бір отбасының тұрғын үйін салып берді. Сондай-ақ екі отбасының да тұрғын үйлерінің құрылысын аяқтап қалды. Қыркүйек айында жаңа үйлердің кілтін иелеріне табыстамақ.

 

Сонымен қатар туған жерінің көркеюіне зор үлес қосқан "Көкжыра" өндірістік кооперативін басқарып отырған Бағдат Сағадиев, Екпін ауылынан Дастан Рахымбаев, Кіндікті ауылының тумасы Ақбота Жеңісова да аудан əкімінің Алғыс хатына ие болды.

– "Қуанышты бөліссең көбейеді" дегендей, игі іс тындырған жақсылардың есімін біз қашанда елеп-ескеріп, жарияға жар салып айтып отырғанымыз артықтық етпейді деп ойлаймын. Неге десеңіз, ондай жағымды жаңалықтың шарапаты болады. Мұндай кештер әрбір адамды қашанда қайырымдылық жасауға итермелеп тұрады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер мен волонтерлерді марапаттап, олардың меценаттық пен қайырымдылық идеяларын насихаттауды жөн санадық, – деді аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу