KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейде жаңа туған перзентке домбыра сыйға тартылды

8.07.2019, 07:19 164

Семейде Достық үйінің директоры Надежда Шарова бастаған түрлі ұлт өкілдері қаладағы перинатальдық орталықта Домбыра күнінде дүниеге келген сәбиге домбыра сыйға тартты. 

- Біз бұндай шараларды жиі ұйымдастырамыз. Мейрамдарды атаусыз қалдыраймыз Домбыра күніне орай акция ұйымдастырдық. Аналарға сый-сыяпаттар көрсеттік. Рахметжанова Альмираның ұлы таңғы 05.40-та дүниеге келеді, - деді мекеме директорының орынбасары Анаргүл Даннанова.

Бұл Альмира Рахметжанованың төртінші баласы екен. Ол ұлы болашақта судья болуын қалайды. Сондықтан оған Заңғар деп ат қойыпты. Перинатальды орталық қызметкерлері мен Достық үйінің өкілдері Заңғардың аман-есен үлкен азамат болып өсуін, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуін тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу