KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

ШҚО Арысқа 300 тонна цемент жеткізіп беруге әзір - Даниал Ахметов

3.07.2019, 11:22 107

Облыстық әкімдікте өткен баспасөз мәслихаты барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына өңірдің 25 құрылыс компаниясы тартылатын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімінің мәліметінше, қазіргі уақытта біздің аймақтан барған мамандар Арыс қаласының Шығыс Қазақстанға бөлінген аумағында бағалау жүргізіп, құрылыс жұмыстарының көлемін анықтап жатыр.

– Кеше Арысқа барып, ондағы ахуалмен танысып қайттым. Қаладағы жағдай оңалып келе жатыр екен. Халық үйлеріне орала бастапты. Жалпы, жергілікті тұрғындар аталмыш жағдайға түсіністікпен қарайтынын байқадым. Халықтың ертеңге деген сенімі зор. Сол себепті, Арыс тез арада қалпына келетініне сенімдімін. Біздің облыс бес вагон немесе 300 тонна өңірде өндірілген цемент жеткізіп беруге әзір. Шығысқазақстандық құрылысшылар 541 тұрғын үй мен нысанды қысқа мерзімде қалпына келтіріп береді. Олардың 522-сі жеке тұрғын үй болса, 15-і коммерциялық нысандар, ал қалғаны балабақша, колледж, оқу орталығы мен мешіт сияқты әлеуметтік маңызға ие ғимараттар. Шілденің 10-ында оқиға орнына тағы барып, атқарылған жұмыс көлемін тексеремін, – деді Даниал Ахметов.

Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстаннан Арысқа 25 құрылыс компаниясы, 750-ден астам кәсіби маман баруға дайын. Бұдан бөлек аудан, қала әкімдіктері шатыр және терезе орнатумен айналысатын 190 маманды анықтап қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив