ШҚО-да 15 жастағы жасөспірім көлікті айдап әкетіп, апатқа ұшырады (ВИДЕО)
15 жастағы жасөспірім ағасының VOLKSWAGEN PASSAT көлігін мініп кетіп, жол апатына түсті. Көлікте кәмелет жасқа толмаған тағы екі жасөспірім отырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 23 маусымда Өскемен-Риддер тас жолында болды.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жасөспірімнің ағасы көлігін Опытное поле ауданындағы жер үйлердің бірінің ауласына қойған. Түстен кейін автокөлігі жоғалып кетеді.
Автомобильді айдап әкеткен 15 жастағы жүргізуші көлік тізгініне бола алмай, жыраға аударылып қалған. Кәмелет жасқа толмаған жүргізуші де, екі жолаушы түрлі жарақаттар алып, біреуі ауруханаға жатқызылды.
Болған оқиғаға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көлікқұмар баланың әкесіне 3 мың АЕК мөлшерінде (7,5 миллион теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Фотосурет пен видео: osa_uka_vko