KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, В
497.26 525.21 4.97

Зайсанда жұмысшылар кәріз құдығындағы метан газынан уланып, біреуі қаза болды

13.06.2019, 04:09 147

Қайғылы оқиға 12 маусым күні күндіз сағат 15.00-де Зайсан қаласында болды. «Зайсан» коммуналдық кәсіпорнының үш жұмысшысы кәріз құдығындағы  метан газынан уланып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Спамбетов көшесіндегі тұрғын үйдің маңында тереңдігі екі метр болатын кәріз құдығында тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жұмыс барысында жеке қорғану құралдарын пайдаланбағандықтан, газдан уланып қалыпты.

Аудандық ТЖ бөлімі мен 43-ші өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жұмысшыларды құдықтан шығарып алып шықты.

45 жастағы слесарь оқиға орнында көз жұмған. 38 жастағы жүргізуші ауруханада жатқызылып, 32 жастағы дәнекерлеуші медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Құтқарушылардың айтуынша, метанмен улану жабық жерде газдың концентрациясы 30%-дан асып кеткенде болады екен. Оттегінің көлемі 20%-ға азайған. Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының бұзылғаны анықталып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу